/KASE, 23.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2023 жылдың 04-29 желтоқсан
аралығында KZ0009094645 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp)
артықшылықты акциялары бойынша 2023 жылға бір акцияға 300,00 теңге мөлшерінде
жалпы сомасы 89,6 млн теңгеге кепілдендірілген дивидендтер төленетіні туралы
KASE-ге хабарлады.
Берілген ақпаратқа сәйкес дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі
2023 жылдың 03 желтоқсанында сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалады.
Бұл ақпарат орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividendsf_041223_2640.pdf – орыс
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividendsf__2640.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-11-23]