Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақтелеком" АҚ 2023 жылға KZ0009094645 (KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша кепілдендірілген дивидендтер төлеуге ниетті
/KASE, 23.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2023 жылдың 04-29 желтоқсан аралығында KZ0009094645 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша 2023 жылға бір акцияға 300,00 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 89,6 млн теңгеге кепілдендірілген дивидендтер төленетіні туралы KASE-ге хабарлады.
Берілген ақпаратқа сәйкес дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2023 жылдың 03 желтоқсанында сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалады.
Бұл ақпарат орналастырылды:
[2023-11-23]