"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2023 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелерін хабарлады

22.11.23 16:53
/KASE, 22.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 22 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері есебімен қоса, 2023 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз айдың 34 "Аралық қаржы есептілігі" қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялайды. 2022 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2023 жылдың тоғыз айындағы1 басты қаржы көрсеткіштері: - Түсім 6 776 млрд теңгемен (14 774 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 6 087 млрд теңгені (13 439 млн АҚШ долл.) құрады; - EBITDA көрсеткіші 2 020 млрд теңгемен (4 404 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 1 680 млрд теңгені (3 708 млн АҚШ долл.) құрады; - Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлесті ескергенде, Компанияның таза пайдасы 1 161 млрд теңгемен (2 532 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 949 млрд теңгені (2 095 млн АҚШ долл.) құрады; - Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар 2 кірісінің үлесіне түзетілген таза пайда 633 млрд теңгемен (1 381 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 600 млрд теңгені (1 324 млн АҚШ долл.) құрады; - Бос ақша ағымы 996 млрд теңгемен (2 172 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 459 млрд теңгені (1 013 млн АҚШ долл.) құрады; - 2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы қарыз 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 4 143 млрд теңге (8 956 млн АҚШ долл.) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 4 114 млрд теңгеге (8 671 млн АҚШ долл.) жетті; - Компанияның 2023 жылғы 30 қыркүйектегі таза қарызы 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 2 143 млрд теңге (4 632 млн АҚШ долл.) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 084 млрд теңгені (4 392 млн АҚШ долл.) құрады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_221123_kz_2.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_221123_2.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_221123_en_2.pdf – ағылшын тілінде. [2023-11-22]