KZ
4 шілде 2025, 07:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.11.2023 15:15 #Сауда-саттық ақпараты

22 қараша күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 24 қарашада болатын МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 22.11.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 24 қарашада болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 11 974 374 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 88,3577 % (кірістілік – жылдық 12,15 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 88,3723 % құрады (кірістілік – жылдық 12,15 %).

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 24 қарашада болатын МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойынша есептеулермен қайта мамандандырылған сауда- саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2023-11-22]