"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Доңға кен орнында өнімді бөлу туралы келісім-шарттағы 60 % үлесін сатып алды
/KASE, 22.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 22 қарашасындағы баспасөз релизін ұсынды, онда былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) "TotalEnergies EP Danmark A/S" компаниясынан (TotalEnergies еншілес ұйымы) "Total E&P Dunga GmbH" жарғылық капиталындағы 100% акциясын сатып алғаны жөнінде хабарлайды. Осылайша, ҚМГ "Total E&P Dunga GmbH" компаниясы арқылы "Доңға" жер қойнауын пайдалану жобасында 60 пайыз үлесіне иелік етеді. Аталған мәміле бұған дейін ҚМГ мен "TotalEnergies EP Danmark A/S" арасында қабылданған сатып алу-сату келісімшартының аясында жасалды.
Екі тарап та мәміленің аяқталуы қос компания арасында орнаған жемісті ынтымақтастықтың айқын дәлелі екенін атап өтті.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
[2023-11-22]