/KASE, 22.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
KASE-ге 2023 жылдың 22 қарашасындағы баспасөз релизін ұсынды, онда
былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) "TotalEnergies EP Danmark A/S" компаниясынан
(TotalEnergies еншілес ұйымы) "Total E&P Dunga GmbH" жарғылық
капиталындағы 100% акциясын сатып алғаны жөнінде хабарлайды.
Осылайша, ҚМГ "Total E&P Dunga GmbH" компаниясы арқылы "Доңға" жер
қойнауын пайдалану жобасында 60 пайыз үлесіне иелік етеді. Аталған мәміле
бұған дейін ҚМГ мен "TotalEnergies EP Danmark A/S" арасында қабылданған
сатып алу-сату келісімшартының аясында жасалды.
Екі тарап та мәміленің аяқталуы қос компания арасында орнаған жемісті
ынтымақтастықтың айқын дәлелі екенін атап өтті.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_221123_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_221123.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_221123_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-11-22]