KASE АКЦИЯЛАР НАРЫҒЫНДАҒЫ БӨЛШЕК ИНВЕСТОРЛАР
АРАСЫНДАҒЫ КОНКУРСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
22.11.23 10:45
/KASE, 22.11.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдың 10 қазанынан
10 қарашаға дейін Қазақстандық қор биржасы (KASE) акциялар нарығында
бөлшек инвесторлар арасында конкурс өткізді. Іс-шараны өткізу Қазақстанда
акциялармен биржалық сауданы танымал етуге бағытталған.
Байқауға KASE қор нарығына мүше брокерлік компаниялардың клиенттері
болып табылатын жеке тұлғалар қатысты. Конкурсқа қатысушыларға
қолжетімді қаржы құралдарының тізіміне KASE Индексінің акциялары және
KASE Global секторының акциялары кірді.
Байқауға 130-дан астам бөлшек инвестор қатысты. Конкурс қорытындысы
бойынша оның қатысушылары 485,9 млн теңге сомасына 5 448 мәміле жасасты.
Оны өткізу кезеңінде акциялармен мәмілелер жасау қорытындылары бойынша
барынша табыстылық алған конкурстың үш жеңімпазы бағалы сыйлықтармен
марапатталды.
[2023-11-22]