KASE ӨЗІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ НАРЫҚТЫҢ КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН ЖЕТЕКШІ ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

21.11.23 17:45
/KASE, 21.11.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдың 16 қарашасында Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылған "Қаржы нарықтарын трансформациялаудағы биржалардың рөлі" халықаралық биржалық форумын өткізді. Халықаралық биржалық форум аясында серіктестерді, листингілік компанияларды және KASE мүшелерін, сондай-ақ Қазақстанның қор нарығын дамытуға елеулі үлес қосқан қаржы секторының сарапшылары мен жетекші мамандарын марапаттау рәсімі өтті. Барлығы 108 компания келесі 10 номинация бойынша марапатталды. "Ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін" номинациясында KASE ұзақ жылдар бойы қазақстандық биржалық нарықты жетілдіруге, дамытуға және жарықтандыруға бағытталған ынтымақтастықты дамытқан компаниялар марапатталды. Листингілік компаниялар арасында "Акциялар нарығының көшбасшысы" номинациясында акциялары KASE Индексінің өкілдік тізіміне енгізілген эмитенттер марапатталды. KASE Индексі қазақстандық қор нарығының эталоны болып табылады, оған KASE-де сатылатын компаниялардың неғұрлым өтімді акциялары кіреді. Бұдан басқа, ұзақ жылдар бойы сауда- саттық белсенділігін көрсеткен және акциялар секторын дамытуға үлес қосқан KASE мүшелері марапатталды. "Облигациялар нарығының көшбасшысы" номинациясында KASE алаңында борыштық қаржыландыруды тартудың ұзақ мерзімді тәжірибесі бар листингілік компаниялар және биржалық нарықтың осы секторында барынша сауда-саттық белсенділігін көрсеткен KASE мүшелері марапатталды "ESG облигациялар нарығының көшбасшысы" номинациясында Биржаның орнықты даму қағидаттарын ілгерілету жөніндегі кешенді жұмысы шеңберінде өзінің ESG облигацияларын KASE алаңында орналастырған листингілік компаниялар марапатталды. "МБҚ нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіби нарық қатысушылары марапаттарға ие болды. "Валюта нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясында валюта нарығын дамытуға барынша әсер еткен KASE мүшелері марапатталды. "Бөлшек инвесторлар нарығын дамытқаны үшін" номинациясында бөлшек инвесторлардың белсенді сауда-саттық шоттарының барынша өсімін қамтамасыз еткен және биржалық қор нарығын танымал етуге ықпал еткен KASE қор нарығының мүшелері марапатталды. "Маркет-мейкинг институтын дамытқаны үшін" номинациясында маркет- мейкерлердің функцияларын орындайтын және биржалық нарықтың өтімділігін арттыруға үлес қосқан KASE мүшелері марапатталды. "Үздік қаржылық кеңесші" номинациясында эмитенттерге беймемлекеттік бағалы қағаздар шығару және KASE-де бағалы қағаздар листингі бойынша консультациялық қызметтер көрсету кезінде барынша белсенділік көрсеткен брокерлік компаниялар марапатталды. "ESG стандарттарын енгізгені үшін" номинациясында ESG стандарттарын белсенді енгізетін компаниялар марапаттарға ие болды. Биржа қаржы нарығының инфрақұрылымы ретінде тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету бойынша кешенді жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, 161 адам "Қазақстандық капитал нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша марапаттарға ие болды. Олардың қатарына қазақстандық капитал нарығын ілгерілетуге және дамытуға ықпал еткен Қазақстанның көрнекті және белгілі қаржыгерлері, сондай-ақ биржалық жаңалықтарды белсенді жариялағаны үшін БАҚ өкілдері кірді. "KASE биржалық нарықтарын дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясында KASE биржалық нарықтарын дамытуға үлес қосқан 206 жетекші қаржыгерлер мен KASE қызметкерлері марапатталды. [2023-11-21]