Жамбыл облысының әкімдігі 21 қараша күні Қазақстан қор биржасында KZMJ00001683 (DZK024_168) облигацияларын орналастыра отырып, 5,5 млрд теңге тартты

21.11.23 17:15
/KASE, 21.11.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001683 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, DZK024_168) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Сауда-саттықта эмитент номиналы 1 000 теңге және өтелгенге дейінгі мерзімі 2 жыл болатын 5 500 000 облигацияны орналастыруды жоспарлады. Орналастыру нәтижелері бойынша эмитент 5,5 млрд теңге тартты. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында шығарылды. Бұған дейін KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының 5,5 млн KZMJ00001683 (DZK024_168) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/kz/news/show/1511784/ Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/gsecs/show/DZK024_168/ [2023-11-21]