21 қарашадан бастап "Магистральдық су құбыры" ЖШС KZ2P00010432 (MVDOpp2) облигациялары KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді

21.11.23 16:55
/KASE, 21.11.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 21 қарашасында "Магистральдық су құбыры" ЖШС (Атырау) KZ2P00010432 (MVDOpp2; 1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,50 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру"алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 21 қарашасындан бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MVDOpp2/ [2023-11-21]