21 қарашадан бастап "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00010429 (KMGZpp3) облигациялары KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді

21.11.23 16:50
/KASE, 21.11.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 21 қарашасында "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00010429 (KMGZpp3; 1000 теңге; 20,0 млрд теңге; 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 0,50%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 21 қарашасынан бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/KMGZpp3/ [2023-11-21]