KASE Листингілік комиссиясы "Магистральдық су құбыры" ЖШС KZ2P00010432 (MVDOpp2) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

21.11.23 12:12
/KASE, 21.11.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 21 қарашасында "Магистральдық су құбыры" ЖШС (Атырау) KZ2P00010432 (1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,50%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға MVDOpp2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-11-21]