KASE Листингілік комиссиясы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ
KZ2C00010429 (KMGZpp3) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке
орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
21.11.23 12:00
/KASE, 21.11.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2023 жылдың 21 қарашасында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық
компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00010429 (1 000 теңге; 20,0 млрд теңге;
10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,50%; 30/360) облигацияларын
KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім
қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға KMGZpp3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2023-11-21]