KASE Басқармасы Халықаралық қаржы корпорациясының XS2725046283 (IFC_e7) және XS2725047505 (IFC_e8) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына қосуға келісім берді
/KASE, 21.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2023 жылдың 20 қарашасындағы шешімімен Халықаралық қаржы корпорациясының XS2725046283 және XS2725047505 халықаралық облигацияларын "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына KASE ресми тізімін енгізуге келісім берілді:
Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Көрсетілген облигацияларға сәйкесінше IFC_e7 және IFC_e8 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.
[2023-11-21]