20 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында NIKE, Inc. (NKE_KZ) US6541061031 жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

20.11.23 10:06
/KASE, 20.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 қарашасынан бастап, KASE олармен жасалған репо операциялары бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 04 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, Nike, Inc АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 04 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2023 жылдың 05 желтоқсанынан бастап қайта басталады. [2023-11-20]