20 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында NIKE, Inc. (NKE_KZ)
US6541061031 жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
20.11.23 10:06
/KASE, 20.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 қарашасынан
бастап, KASE олармен жасалған репо операциялары бойынша KASE орталық
контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың
04 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, Nike, Inc АҚШ) US6541061031
("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың
04 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2023 жылдың 05 желтоқсанынан
бастап қайта басталады.
[2023-11-20]