Қазақстан Қаржы министрлігі 15 қарашада күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-216 бірінші шығарылымын (KZKD00000972, MUM216_0001) өтеуге кірістілігі жылдық 11,70 %-бен орналастыра отырып, 8,2 млрд теңге тартты
/KASE, 17.11.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың 15 қарашасында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-216 бірінші шығарылымдын (KZKD00000972, MUM216_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың 17 қарашасында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 8 165 114 444,4 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 15 қараша күні Қазақстан қор биржасында 10,0 млн МЕУКАМ-216 бірінші шығарылымын (KZKD00000972, MUM216_0001) өтеуге кірістілігі жылдық 11,70 % орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2023-11-17]