"Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС өзінің KZ2P00007826 (MFSCb2) облигацияларының өтелгені туралы хабарлады

16.11.23 16:03
/KASE, 16.11.23/ – "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылдың 14 қарашасында өзінің KZ2P00007826 (MFSCb2) облигацияларының өтелгендігі туралы хабарлады, оның шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша сегiзiншi купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 2 696 057,5 АҚШ доллар құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 2 630 300 АҚШ доллар, сегiзiншi купондық сыйақы– 65 757,5 АҚШ доллар. [2023-11-16]