"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың 10 айында Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспортын 54 %-ға ұлғайтты
/KASE, 16.11.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 16 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
2023 жылғы қаңтар-қазан айларында Ақтау портынан экспортқа жөнелтілетін қазақстандық мұнайдың көлемі 2 млн 800 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 981 мың тоннаға немесе 54%-ға артық.
Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку портына қарай мұнай тасымалдау көлемі 964 мың тоннаға артып, 1 миллион 123 мың тоннаны құрады. Ақтау портынан Махачкала портына 1 млн 676 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылдың 10 айындағы осы кезеңмен салыстырғанда 17 мың тоннаға артық.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан "Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:
[2023-11-16]