/KASE, 16.11.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Алтын Сапа ALM" АҚ (Астана)
KZ2P00009962 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ALSPb1)
облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты)
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00009962
KASE сауда-саттық коды: ALSPb1
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
– тіркелген: 6 000 000 000
– орналастырылған (номиналы бойынша): 5 381 604 000
Айналыстың басталу күні: 05.09.23
Айналыста болудың соңғы күні: 04.09.25
Өтеудің басталу күні: 05.09.25
Айналыс мерзімі: 2 жыл (720 күн)
Купон мөлшерлемесі: жылдық 25,00 %
Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет
Купондарды төлеудің басталу күндері: жыл сайын 05 қыркүйекте
Уақыттық базасы: 30 / 360
------------------------------------------ --------------------------------
Сауда-саттық күні: 16.11.23
Өтелуне дейін мерзім: 1,8 жыл (649 күн)
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 618 396 000
Лот мөлшері, дана: 1
Сауда-саттық мәні: "таза" баға
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–11:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–11:00
Кесім уақыты: 11:30 (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 16.11.23, 11:30
Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Teniz Capital Investment
Banking" АҚ
---------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған мүддені есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған мүддені ескере отырып)
туындысы көрсетілуі тиіс.
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес
есептеледі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның
қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем
уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/membership
Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/ALSPb1/
[2023-11-16]