15 қараша күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 17 қарашада болатын МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_0011) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 15.11.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 17 қарашасында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_0011) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 18 831 216 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 90,4881 % (кірістілік – жылдық 13,20 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 90,5275 % құрады (кірістілік – жылдық 13,19 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 17 қарашада болатын МЕУКАМ-96 11-ші шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_0011) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2023-11-15]