KASE АЛАҢЫНДА FEAS БАС АССАМБЛЕЯСЫ ӨТТІ

14.11.23 18:11
/KASE, 14.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 14 қарашасында KASE көмегімен Еуро-Азия қор биржалары Федерациясының (FEAS) Бас Ассамблеясы және FEAS Басқармасы/Аудит жөніндегі комитеті мүшелерінің отырысы өткенін хабарлайды. Ассамблея шеңберінде капитал нарығы туралы стратегиялық сессия және дөңгелек үстел өткізілді, оның барысында қатысушылар федерацияға қатысушы биржалардың жаңалықтары мен даму перспективаларын талқылады. Естеріңізге сала кетейік, KASE 1997 жылдың қазан айында FEAS мүшелігіне қабылданды. Қазіргі уақытта KASE FEAS биржалары арасында акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша бесінші орында тұр. Қазіргі уақытта FEAS Еуропа мен Азияның дамып келе жатқан қор нарықтарында жұмыс істейтін биржалық индустрияның 45-ке жуық кәсіби ұйымдарын біріктіреді. [2023-11-14]