KASE АЛАҢЫНДА ТМД ХБҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖЫЛДЫҚ
ЖИНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТА ЖӘНЕ ҚОР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ДӨҢГЕЛЕК
ҮСТЕЛІ ӨТТІ
14.11.23 18:05
/KASE, 14.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
14 қарашасында KASE 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде ТМД елдері
биржаларының халықаралық қауымдастығы (ТМД ХБҚ) мүшелерінің жалпы
жылдық жиналысы және ТМД ХБҚ валюта және қор биржаларының
дөңгелек үстелі өткенін хабарлайды.
Жиналыс барысында ХБҚ мүше биржалардың ағымдағы жай-күйі мен даму
перспективалары бойынша шолулар, сондай-ақ 2022 жылдағы және
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ХБҚ қаржы-шаруашылық қызметін
тексерудің атқарылған жұмысы мен қорытындылары туралы есеп
ұсынылды. Іс-шарада ХБҚ кеңесінің жаңа құрамы және ХБҚ тексеру
комиссиясының мүшелері сайланды.
ТМД ХБҚ халықаралық стандарттарға сәйкес ТМД биржалық нарықтарын
дамыту бойынша күш-жігерді үйлестіру мақсатында 2000 жылы құрылды.
Бүгінгі таңда қауымдастық құрамына 10 мемлекеттен 20 ұйым кіреді.
[2023-11-14]