"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 06 қарашада өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелерін хабарлады

14.11.23 11:01
/KASE, 14.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылғы 13 қарашадағы баспасөз релизін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ" немесе "Компания") 2023 жылғы 6 қарашада өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі –"АКЖЖ") дауыс беру қорытындыларын жариялайды. ... "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы Дауыс беру қорытындысы бойынша АКЖЖ ҚМГ Директорлар кеңесінің (бұдан әрі - ДК) мүшесі, тәуелсіз директор болып Асқар Оразалыұлы Шәкіров сайланды. Шәкіров Асқар Оразалыұлы соңғы 3 жылда қызмет атқарды: - 2021 жылғы шілдеден бастап-Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ)Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары; - 2019 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтарға дейін-Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары; - 2019 жылғы тамыз, 2023 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып қайта тағайындалды. ... Осылайша, ҚМГ ДК жаңа құрамы келесідей: 1. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы, ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін қорғайтын өкіл; 2. Отыншиев Елжас Мұратұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін қорғайтын өкіл; 3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін қорғайтын өкіл; 4. Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы,«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы; 5. Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы, тәуелсіз директор; 6. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы, тәуелсіз директор; 7. Холланд Филип Малкольм, тәуелсіз директор; 8. Мыңшарипова Сая Найманбайқызы, тәуелсіз директор. 9. Шәкіров Асқар Оразалыұлы, тәуелсіз директор дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_info_131123_kz_1.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_131123.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_info_131123_en_1.pdf – ағылшын тілінде. [2023-11-14]