/KASE, 14.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2023 жылдың 14 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің
"Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің
мынадай халықаралық облигациялары енгізілді:
1) US9128285P13 (US_96_2311; $43 513,0 млн; 30.11.18 – 30.11.23, жарты
жылдық купон, жылдық 2,875 %, actual/actual);
2) US91282CEP23 (US_97_3205; $133 341,0 млн; 16.05.22 – 15.05.32;
жарты жылдық купон, жылдық 2,875 %, actual/actual).
Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "First Heartland Jusan
Invest" АҚ (Астана) болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/
[2023-11-14]