/KASE, 14.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың қазан
айындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- 2023 жылдың қазан айында KASE-де сауда-саттықтың жиынтық көлемі
42,8 трлн теңгені құрады және қыркүйекке қатысты 8,2 %-ға немесе
3,8 трлн теңгеге төмендеді.
- Қазан айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,7 %-ға
төмендеп, 4 035,12 тармақты құрады.
- Акциялар нарығын капиталдандыру 2,6 %-ға 26,3 трлн теңгеге дейін
төмендеді, саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 0,3 %-ға
13,8 трлн теңгеге дейін өсті.
- 2023 жылдың 01 қарашасындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық
тізімдерінде 226 эмитенттің 622 атаудағы мемлекеттік емес бағалы
қағаздары болды.
- 2023 жылдың 01 қарашасындағы жағдай бойынша "Бағалы қағаздардың
орталық депозитарийі" АҚ-да жеке тұлғалардың 685,3 мың дербес шоттары
болды. Қазан айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 5 906 жаңа
дербес шоттарын тіркеді.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және
валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының
көрсеткіштерін қамтитын толық ақпарат, сондай-ақ іс-шараларға шолу KASE
интернет-ресурсында жарияланған KASE пресс-релизінде ұсынылған:
-
https://kase.kz/files/press/kz/13_11_2023_November_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/13_11_2023_November_ru.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/en/13_11_2023_November_en.pdf – ағылшын тілінде.
[2023-11-14]