KZ
9 мамыр 2025, 15:29
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.11.2023 09:21 #Корпоративтік уақиғалар

KASE биржалық нарықтың 2023 жылдың қазан айындағы жұмысын қорытындылады

/KASE, 14.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың қазан айындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.

  • 2023 жылдың қазан айында KASE-де сауда-саттықтың жиынтық көлемі 42,8 трлн теңгені құрады және қыркүйекке қатысты 8,2 %-ға немесе 3,8 трлн теңгеге төмендеді.
  • Қазан айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,7 %-ға төмендеп, 4 035,12 тармақты құрады.
  • Акциялар нарығын капиталдандыру 2,6 %-ға 26,3 трлн теңгеге дейін төмендеді, саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 0,3 %-ға 13,8 трлн теңгеге дейін өсті.
  • 2023 жылдың 01 қарашасындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 226 эмитенттің 622 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды.
  • 2023 жылдың 01 қарашасындағы жағдай бойынша "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-да жеке тұлғалардың 685,3 мың дербес шоттары болды. Қазан айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 5 906 жаңа дербес шоттарын тіркеді.

Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін қамтитын толық ақпарат, сондай-ақ іс-шараларға шолу KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE пресс-релизінде ұсынылған:

[2023-11-14]