KZ
14 желтоқсан 2025, 07:14
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.11.2023 14:51 #Қаржы құралдары

"Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00010184 (ORBSb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 13.11.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) листингілік комиссиясы 2023 жылғы 13 қарашада "Orbis Leasing" ЖШС (Алматы) KZ2P00010184 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 367 күн; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 03 қазанында 10,0 млрд теңге сомаға тіркеген "Orbis Leasing" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.

"Orbis Leasing" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталған облигацияларға ORBSb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

"Orbis Leasing" ЖШС қызметінің негізгі түрі – лизингілік қызмет.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2023-11-13]