KASE-дегі "KEGOC" АҚ KZ1C00000959 (KEGC) жай акцияларының жария ұсынысының нәтижелері

10.11.23 11:20
/KASE, 10.11.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың 16 қазанынан 02 қарашасынға дейін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "KEGOC" АҚ (Астана) KZ1C00000959 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акцияларының жария ұсыным арқылы орналастыру жүргізілді. Аталған акцияларды KASE-де жария ұсынымы өткізу кезінде "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ сатушы ретінде әрекет етті. Бірлескен үйлестірушілер мен букраннерлер: "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ. Бірлескен букраннерлер: "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ, "First Heartland Jusan Invest" АҚ. Орналастырылатын акциялардың саны 15 294 118 данаға дейін, орналастыру бағасы – бір акцияға 1 482 теңгені құрады. Жария ұсыным нәтижелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру күні – 2023 жылдың 09 қарашасы. KASE және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ тарапынан өтінімдерді қабылдау және тізілімді тексеру кезеңі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ KASE мүшелерімен салыстыра отырып, жиынтық көлемі 28,8 млрд теңге болатын 37 445 өтінім белсенді деп танылды. Бұл ретте жеке тұлғалардан түскен белсенді өтінімдер саны 12,6 млрд теңге сомасында 37 410 өтінімді (қабылданған өтінімдер көлемінің 43,9 %) құрады, олар ұстаушылардың 6 357 қосалқы шотынан және омнибус шоты арқылы есепке алынатын 19 240 дербес шоттан берілді. Сақтандыру ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер және брокерлер атынан институционалдық инвесторлар тарапынан сұраным – 14,5 млрд теңге (қабылданған өтінімдер көлемінің 50,3 %) және заңды тұлғалар тарапынан – 1,7 млрд теңге (қабылданған өтінімдер көлемінің 5,8 %). KASE-дегі ұсынымға сұраным 127 % құрады. Орналастыруға KASE қор нарығының барлығы 18 мүшесі қатысты. Жария ұсыныс нәтижелері бойынша эмитент 12 604 661 акцияны сатып алуға 37 444 өтінімді қанағаттандырды. KASE-де қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық көлемі 18,7 млрд теңгені құрады. Бұл ретте жеке тұлғалар берген барлық белсенді өтінімдер толық көлемде қанағаттандырылды, заңды тұлғалардың өтінімдері ішінара қанағаттандырылды және институционалдық инвестордың бір өтінімі қанағаттандырылмады. Жеке тұлғалардың шоттарына орналастыру нәтижелері бойынша 12,6 млрд теңге сомасына (KASE-де орналастыру көлемінің 67,6 %) қағаздар түсті, институционалдық инвесторлар берген қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 4,4 млрд теңгені (орналастыру көлемінің 23,4 %), заңды тұлғалар – 1,7 млрд теңге сомасына (орналастыру көлемінің 9,0 %) құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес аталған акцияларды KASE-ге жария түрде ұсыну нәтижелері бойынша барлық мәмілелер бойынша осы ақпарат жарияланған кезде есептесу жүргізілді. [2023-11-10]