"HALYK FINANCE" АҚ, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ, "FREEDOM FINANCE" АҚ, "BCC INVEST" АҚ ЖӘНЕ "JUSAN INVEST" АҚ SPO ШЕҢБЕРІНДЕ "KEGOC" АҚ KZ1C00000959 (KEGC) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯ ҰСЫНЫМЫН ЖҮРГІЗУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

10.11.23 10:05
/KASE, 10.11.23/ – "KEGOC" АҚ (Астана) KZ1C00000959 жай акцияларына (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жария ұсыным жүргізу кезінде бірлескен үйлестірушілер мен букраннерлер болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ, сондай-ақ бірлескен букраннерлер болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ және "First Heartland Jusan Invest" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) келесі мазмұндағы хабарламаны ұсынды: дәйексөздің басы "KEGOC" АҚ (Астана) KZ1C00000959 жай акцияларына (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жария ұсыным жүргізу кезінде бірлескен үйлестірушілер мен букраннерлер болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ, сондай-ақ бірлескен букраннерлер болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ және "First Heartland Jusan Invest" АҚ SPO шеңберінде "Қазақстан қор биржасы" АҚ-нда (KASE) және Astana International Exchange (AIX) "KEGOC" АҚ жай акцияларының жария ұсынымы қорытындылары туралы хабарлайды "KEGOC" АҚ (KEGOC) жай акцияларын жария түрде ұсыну барысында инвесторлардан жалпы сомасы 34,8 млрд теңгеге 50 118 өтінім түсті. Алынған өтінімдерді талдау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 22,66 млрд теңгеге 50 117 өтінімді қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Айырмашылық жекелеген ірі инвесторларда акциялардың елеулі пакеттерінің шоғырлануына жол бермеу тұрғысынан алынған өтінімдерді талдаудың бұрын жарияланған мақсаттарына сәйкес келіп түскен бірқатар өтінімдерді қанағаттандыру толық көлемде жүргізілмегендігімен түсіндіріледі. Бұл ретте қанағаттандырылатын өтінімдерді айқындау барысында басымдық Қазақстан Республикасының азаматтарынан келіп түскен өтінімдерге берілді, оларды қанағаттандырғаннан кейін (толық көлемде) өтінім берген қалған тұлғалардың өтінімдерін қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтарынан түскен акцияларды сатып алуға өтінімдер толық көлемде қанағаттандырылды. Инвесторлардың түрлері бойынша KASE-ге және AIX берілген өтінімдер саны: - ҚР жеке тұлғаларынан түскен өтінімдер саны: 49 640 (99,0%) - Шетелдік жеке тұлғалардан түскен өтінімдер саны: 432 (0,9%) Жеке тұлғалардан KASE және AIX-ке берілген өтінімдердің барлығы: 50 072 (99,9%) - ҚР заңды тұлғаларынан түскен өтінімдер саны: 46 (0,1%) - Шетелдік заңды тұлғалардан түскен өтінімдер саны: жоқ Заңды тұлғалардан KASE-ге және АІХ-ке берілген барлық өтінімдер: 46 (0,1%) KASE-ге және АІХ-ке берілген өтінімдердің жиыны: 50 118 өтінім Инвесторлардың түрлері бойынша KASE-ге және AIX-ке берілген өтінімдер көлемі: - ҚР жеке тұлғаларынан түскен өтінімдер көлемі: 15 203 099 964 теңге (43,7%) - Шетелдік жеке тұлғалардан түскен өтінімдер көлемі: 300 537 744 теңге (0,9%) Жеке тұлғалардан KASE-ге және АІХ-ке берілген өтінімдердің жалпы көлемі: 15 503 637 708 теңге (44,6%) - ҚР заңды тұлғаларынан түсен өтінімдер көлемі: 19 292 607 828 теңге (55,4%) - Шетелдік заңды тұлғалардан түскен өтінімдер көлемі: жоқ Заңды тұлғалардан KASE-ге және АІХ-ке берілген өтінімдердің барлық көлемі: 19 292 607 828 теңге (55,4%) KASE-ге және АІХ-ке берілген өтінімдердің жалпы көлемі: 34 796 245 536 теңге Инвесторлардың түрлері бойынша KASE-де және АІХ-те қанағаттандырылған өтінімдер саны: - ҚР жеке тұлғаларынан түскен өтінімдер саны: 49 640 (99,0%) - Шетелдік жеке тұлғалардан түскен өтінімдер саны: 432 (0,9%) Жеке тұлғалардан KASE-ге және АІХ-ке берілген өтінімдердің барлығы: 50 072 (99,9%) - ҚР заңды тұлғаларынан түскен өтінімдер саны: 45 (0,1%) - Шетелдік заңды тұлғалардан түскен өтінімдер саны: жоқ Заңды тұлғалардан KASE-ге берілген барлық өтінімдер: 45 (0,1%) KASE-де және АІХ-те қанағаттандырылған өтінімдер жиыны: 50 117 өтінім Инвесторлардың түрлері бойынша KASE-дежәне АІХ-те қанағаттандырылған өтінімдер көлемі: - ҚР жеке тұлғаларынан түскен өтінімдер көлемі: 15 203 099 964 теңге (67,1%) - Шетелдік жеке тұлғалардан түскен өтінімдер көлемі: 300 537 744 теңге (1,3%) Жеке тұлғалардан KASE-ге және АІХ-ке берілген өтінімдердің жалпы көлемі: 15 503 637 708 теңге (68,4%) - ҚР заңды тұлғаларынан түскен өтінімдер көлемі: 7 158 346 026 теңге (31,6%) - Шетелдік заңды тұлғалардан тсүскен өтінімдер көлемі: жоқ Заңды тұлғалардан KASE-ге және АІХ-ке берілген өтінімдердің барлық көлемі: 19 292 607 828 теңге (31,6%) KASE-де және АІХ-те қанағаттандырылған өтінімдер көлемі: 22 661 983 734 теңге 2023 жылдың 9 қарашасында KASE-де және AIX-те қанағаттандырылған барлық өтінімдер бойынша есеп айырысулар жүргізілді. Осылайша, SPO шеңберінде KEGOC 15 291 487 жай акцияны сатты, бұл KEGOC орналастырған қарапайым акциялардың жалпы санының 5,6 % құрайды. 2023 жылдың 10 қарашасында AIX-те KEGOC акцияларының Т+2 тәртіптемесінде қайталама сауда-саттықтары басталды және бір мезгілде 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап KASE-де Т+2 тәртіптемесінде KEGOC акцияларының қайталама сауда-саттықтары қолжетімді болды, олар 2023 жылдың 16 қазаны мен 2023 жылдың 2 қарашасы аралығында SPO шеңберінде орналастырылды. Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін бірлескен букраннерлердің келесі өкілдеріне хабарласуыңызды сұраймыз: Halyk Finance: +7 (727) 339-43-77/88 (іш. 3373, 3327, 3356), ib@halykfinance.kz SkyBridge Invest: +7 (727) 331 33 50 (ext.336), ib@sbinvest.kz Фридом Финанс: +7 (727) 311-10-64/65 (іш. 616, 502, 342), ib@ffin.kz BCC Invest: +7 727 244 32 32 (іш. 39040), ib@bcc-invest.kz Jusan Invest: +7 727 644 00 (іш.800, 801) ib@jusaninvest.kz дәйексөздің басы [2023-11-10]