/KASE, 03.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа)
2023 жылдың 02 қарашасында Астана қ. уақыты бойынша сағат 18:00-де
(AST) KASE сауда-саттық жүйесінде "KEGOC" АҚ (Астана)KZ1C00000959
(KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акцияларын жария
ұсыну шеңберінде бөлшек және институционалдық инвесторлардан
өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялардың жария ұсынымын өткізу кезінде
"Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі
– Сатушы) сатушы ретінде әрекет етті.
Бірлескен үйлестірушілер мен букраннерлер: "Қазақстан Халық банкінің
еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ, "SkyBridge
Invest" АҚ.
Бірлескен букраннерлер: "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC
Invest" АҚ, "First Heartland Jusan Invest" АҚ.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін Сатушыға ұсыну күні – 2023 жылдың
03 қарашасы.
Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға ұсыну күні –
2023 жылдың 07 немесе 08 қарашасы.
Мәмілелер жасалатын күні мен уақыты – 2023 жылдың 09 қарашасы, AST
16:45.
Есеп айырысу күні мен уақыты – 2023 жылдың 09 қарашасы, AST 17:30-дан
бастап. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Бағалы қағаздардың жария ұсынымын жүргізу ережелері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/rules_public_offering.pdf
Аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/ru/shares/show/KEGC/
[2023-11-03]