03 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімінен "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00008704 (KFUSb40) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

03.11.23 12:23
/KASE, 03.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 қарашасынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілеттік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (КМФ) KZ2C00008704 (KFUSb40) облигацияларын алып тастады (03 қараша – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні). 2023 жылдың 03 қарашасынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімі 59 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың олар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша). Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2023-11-03]