KZ
9 мамыр 2025, 15:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.11.2023 12:23 #Индекстер мен индикаторлар

03 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімінен "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00008704 (KFUSb40) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

/KASE, 03.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 қарашасынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілеттік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (КМФ) KZ2C00008704 (KFUSb40) облигацияларын алып тастады (03 қараша – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні).

2023 жылдың 03 қарашасынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімі 59 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың олар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша).

Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2023-11-03]