Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06 қарашадан бастап екі атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне енгізіледі
/KACC, 02.11.23/ – "KASE клиринг орталығы" АҚ (KACC) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 06 қарашасынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) мынадай облигациялар енгізілетін болады:
1) Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00009958 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb41);
2) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00009454 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb53).
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т + Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ
[2023-11-02]