/KASE, 02.11.23, 26.10.23, жаңалығын қайталау/ – 2023 жылдың 16
қарашасында Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан қаржыгерлерінің XI
конгресі аясында "Биржалардың қаржы нарықтарын трансформациялаудағы
рөлі" тақырыбында халықаралық биржалық форум өткізеді.
Биржалық форум KASE-нің құрылуының 30 жылдығына орай қолға алынған
іс-шаралар шеңберінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және
"Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" ЗТБ қолдауымен өткізіледі.
Форумда халықаралық және қазақстандық сарапшылар талқылайтын өзекті
тақырыптар қатарында биржалық нарықтарды, цифрлық инфрақұрылым
мен құралдарды дамыту, әлемдік және жергілікті капитал нарықтарында
теңгемен МБҚ сауда-саттығын ұйымдастыру, IPO-ның даму мүмкіндіктері,
қаржы қызметтерін диджитализациялау және капитал нарығындағы бөлшек
инвесторлар белсенділігін арттыру, қаржы нарығында ESG қағидаттары мен
ESG өнімдерін дамыту мен ілгерілету мәселелерін атап өтуге болады.
Форум шеңберінде 30 жыл бойы Қазақстанның қор нарығын дамытуға
елеулі үлес қосқан қаржы ұйымдарын, қаржы секторының сарапшылары
мен мамандарын, сонымен бірге "Биржалық симулятор" байқауының
жеңімпаздары атанған бөлшек инвесторларды марапаттау рәсімі өткізіледі.
Форум бағдарламасы, сондай-ақ тіркелу нысаны мына сілтеме бойынша
қолжетімді
https://kaseforum.tilda.ws/
[2023-11-02]