01 қарашадан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан) "Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010200 (MFMOb3) және KZ2P00010218 (MFMOb4) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

01.11.23 15:15
/KASE, 01.11.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 26 қазанында "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2P00010200 (MFMOb3; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360); - KZ2P00010218 (MFMOb4; $100, $4,0 млн; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 %; 30/360). Басқарманың бұл шешімі 2023 жылдың 01 қарашасынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/MFMO/ [2023-11-01]