"Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KASE-де KZ2P00010192 (CLSGb3) үш жылдық облигацияларын жылдық 21,50 %- бен орналастыра отырып, жазылым арқылы 3,0 млрд теңге тартты

31.10.23 18:15
/KASE, 31.10.23/ – Бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде "CAPITAL Leasing Group (Капитал Лизинг Групп)" ЖШС (Алматы) KZ2P00010192 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, CLSGb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 31.10.23 – 31.10.26; 30/360) облигацияларына жазылым арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) әрекет етті. Орналастыруға номиналды көлемі 3 000 000 000 теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 31 қазанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін жүргізілді. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты (қатысушылар шоттарының саны – 156). Сауда-саттық жүйесіне барлығы 396 шектелімді өтінім берілді, оның ішінде өтінім жинау аяқталған кезде 3 000,0 млн теңге көлеміндегі 156 өтінім белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдерде өтеуге кірістілік жылдық 21,50 % құрады. Жазылу кезінде сұраным ұсынымның 100,0 % құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде заңды тұлғалардың үлесіне – 11,2 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 88,8 % тиесілі болды. Орналастыру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 000 000 000,0 теңгеге барлық белсенді өтінімдер қанағаттандырылды. Эмитент өтеу кірістілігін жылдық 21,50 % деңгейінде анықтап, 3 000 000 облигацияны орналастырды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-10-31]