"Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KASE-де
KZ2P00010192 (CLSGb3) үш жылдық облигацияларын жылдық 21,50 %-
бен орналастыра отырып, жазылым арқылы 3,0 млрд теңге тартты
31.10.23 18:15
/KASE, 31.10.23/ – Бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде "CAPITAL Leasing
Group (Капитал Лизинг Групп)" ЖШС (Алматы) KZ2P00010192 (KASE
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, CLSGb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд
теңге; 31.10.23 – 31.10.26; 30/360) облигацияларына жазылым арқылы
бастапқы орналастыру жүргізілді.
Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ
(Алматы) әрекет етті.
Орналастыруға номиналды көлемі 3 000 000 000 теңге болатын облигациялар
ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 31 қазанында
Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін жүргізілді.
Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты (қатысушылар шоттарының саны –
156). Сауда-саттық жүйесіне барлығы 396 шектелімді өтінім берілді, оның
ішінде өтінім жинау аяқталған кезде 3 000,0 млн теңге көлеміндегі 156 өтінім
белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдерде өтеуге кірістілік
жылдық 21,50 % құрады. Жазылу кезінде сұраным ұсынымның 100,0 %
құрады.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде заңды тұлғалардың үлесіне – 11,2 %,
жеке тұлғалардың үлесіне – 88,8 % тиесілі болды.
Орналастыру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 000 000 000,0 теңгеге
барлық белсенді өтінімдер қанағаттандырылды. Эмитент өтеу кірістілігін
жылдық 21,50 % деңгейінде анықтап, 3 000 000 облигацияны орналастырды.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес
аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат
жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды.
[2023-10-31]