Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 (EBRDe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 31.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 01 қарашасынан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 халықаралық облигацияларымен ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe20; 14 100,0 млн теңге; 26.10.23-24.10.26; жартыжылдық купон, жылдық 14,00%; actual/360) KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2023-10-31]