/KASE, 31.10.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің
2023 жылдың 27 қазанындағы шешімімен 2023 жылдың 30 қазанынан
бастап қолданысқа енгізілген "Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер
бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты
KASE ішкі құжатына енгізілген № 18 өзгертелер мен толықтырулар
(түзетулер) бекітілді.
Түзетулермен мыналар белгіленді:
- егер клирингілік қатысушыға қатысты банкроттық рәсімі немесе тарату
ісі жүргізілген жағдайда, KASE кепілді жарналарды пайдалану және
тұрақсыздық айыбы/айыппұл, алымдар бойынша берешекті төлеу үшін,
сондай-ақ өзге берешекті өтеу үшін дәрменсіз клирингілік қатысушыны
қамтамасыз ету құқығы алынып тасталды;
- KASE, дәрменсіз клирингілік қатысушымен шектелмей, клирингілік
қатысушыдан кез келген орындалмаған міндеттемелерді өндіріп алу
мақсатында сот және өзге де органдарға жүгіну құқығы қарастырылған.
Бұдан басқа, Ережелердің мәтініне процедуралық және нақтылаушы
түзетулер енгізілді.
Ереженің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме
бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Клиринг" – "Клиринг
процедуралары").
[2023-10-31]