30 қазаннан бастап Мүшелік туралы қғидаға енгзілген түзетулер қолданысқа енгізілді

31.10.23 15:09
/KASE, 31.10.23/ – Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің (KASE) 2023 жылдың 27 қазандағы шешімімен 2023 жылдың 30 қазанынан бастап қолданысқа енгізілген "Мүшелік туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына № 8 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулер KASE мүшесінің трейдерін сауда-саттыққа қатысудан шеттету тәртібін нақтылау және KASE мүшесінің трейдерін сауда-саттыққа қатысуға жіберуді қайта бастау, сондай-ақ мүшелік туралы келісім-шартқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарттар мен дербес деректерді қорғау шарттарын енгізу мақсатында енгізілді. Бұдан басқа, Қағидаға клирингілік қатысушы мәртебесі болған кезде немесе өзге клирингілік қатысушымен клирингілік қызмет көрсету туралы тиісті келісім болған кезде KASE мүшесін сауда-саттыққа қатысуға жіберу бойынша қосымша шарттар енгізілген. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Мүшелік" қалташасы). [2023-10-31]