31 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Intel Corporation US4581401001 (INTC_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

31.10.23 10:42
/KASE, 31.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 31 қазанынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 07 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін Intel Corporation (АҚШ) US4581401001 ("KASE Global" секторы, INTC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылғы 07 қарашада көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылады. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 09 қарашасынан бастап қайта басталады. [2023-10-31]