KZ
9 мамыр 2025, 14:31
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.10.2023 17:47 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2023 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелерін хабарлады

/KASE, 27.10.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге жолдаған 2023 жылдың 27 қазандағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:

дәйексөздің басы

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2023 жылдың тоғыз айындағы арналған өндірістік нәтижелерін жариялайды.

2022 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2023 жылдың тоғыз айындағы басты өндірістік көрсеткіштер:

- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 9,0%-ға өсіп, 17 508 мың тоннаға жетті;

- Мұнай тасымалдау көлемі 7,8%-ға артып, 59 371 мың тонна болды;

- Қазақстандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 14 896 мың тоннамен салыстырғанда 14 901 мың тоннаны құрады.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:

[2023-10-27]