KZ
8 шілде 2025, 12:04
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.10.2023 11:28 #Қаржы құралдары

"Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің KZ2P00010200 (MFMOb3) және KZ2P00010218 (MFMOb4) облигациялары балама алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 27.10.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 26 қазанында "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан) микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің (Алматы) келесі облигацияларының балама алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

  • KZ2P00010200 (1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы, жылдық 22,00 %; 30/360);
  • KZ2P00010218 ($100, $4,0 млн; 360 күн; ай сайынғы, жылдық 12,00 %; 30/360).

Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады.

Облигацияларға сәйкесінше MFMOb3 және MFMOb4 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілген.

Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Басқарманың шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында жарияланады.

[2023-10-27]