"Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің
KZ2P00010200 (MFMOb3) және KZ2P00010218 (MFMOb4) облигациялары
балама алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша
KASE-де листинг процедурасынан өтті
27.10.23 11:28
/KASE, 27.10.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023
жылдың 26 қазанында "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан) микроқаржы
ұйымы" ЖШС-нің (Алматы) келесі облигацияларының балама алаңның
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады:
- KZ2P00010200 (1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы, жылдық
22,00 %; 30/360);
- KZ2P00010218 ($100, $4,0 млн; 360 күн; ай сайынғы, жылдық 12,00 %; 30/360).
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланады.
Облигацияларға сәйкесінше MFMOb3 және MFMOb4 қысқартылған
белгілері (сауда-саттық кодтары) берілген.
Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
Басқарманың шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында
жарияланады.
[2023-10-27]