KZ
9 мамыр 2025, 17:22
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.10.2023 10:08 #Қаржы құралдары

27 қазаннан бастап KASE-де Citigroup Inc US1729674242 (C_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.

/KASE, 27.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 27 қазаннан бастап KASE-де Citigroup Inc (АҚШ) US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ) репо операциялары бойынша, олар бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 06 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 06 қарашасына көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 08 қарашадан бастап қайта басталады.

[2023-10-27]