26 қазаннан бастап "Фридом Финанс" АҚ Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009628 (EABRb40) облигациялары бойынша KASE маркет- мейкер мәртебесіне ие болды

26.10.23 10:33
/KASE, 26.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 26 қазаннан бастап "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) өзінің өтініші негізінде Еуразиялық даму банкі KZ2D00009628 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb40) облигациялары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесін берді. [2023-10-26]