"аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010234 (MFAFb4) және KZ2P00010242 (MFAFb5) облигациялары балама алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
/KASE, 20.10.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылғы 19 қазанда "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2P00010234 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 22,00 %; 30/360);
- KZ2P00010242 ($100, $4,0 млн; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 12,00 %; 30/360).
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
"аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС қаржылық кеңесшісі"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигацияларға сәйкесінше MFAFb4 және MFAFb5 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында жарияланатын болады.
[2023-10-20]