KASE Басқармасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің шығаруға жоспарланған XS2708176610 халықаралық облигацияларын "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына KASE ресми тізімін енгізуге келісім берді

20.10.23 11:13
/KASE, 20.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2023 жылдың 19 қазанындағы шешімімен Еуропалық қайта құру және даму банкінің шығаруға жоспарланған XS2708176610 халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді. Аталған облигацияларға рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2023-10-20]