KASE Басқармасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің шығаруға
жоспарланған XS2708176610 халықаралық облигацияларын
"Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына
KASE ресми тізімін енгізуге келісім берді
20.10.23 11:13
/KASE, 20.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2023 жылдың
19 қазанындағы шешімімен Еуропалық қайта құру және даму банкінің шығаруға
жоспарланған XS2708176610 халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің
"Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге
келісім берілді.
Аталған облигацияларға рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE Басқармасының
осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.
[2023-10-20]